Қарттар күнінде Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер ведомствоның ең белсенді ардагерлерін салтанатты іс-шараға шақырып, құрмет көрсетті. Полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық.
СНХ:Кәпез Дәулетбаев — ІІО ардагері
Оларға арнайы кездесуге қызметін жаңа бастаған жас полиция қызметкерлері жиналды. Іс-шара полиция департаментінің мұражайында өтті. Құрметті қонақтар қатарында Юрий Киселёв бар. Ол ұзақ жылдар бойы социалистік меншікті талан-таражға салумен күрес бөлімін басқарды. Бұл қазіргі экономикалық тергеу қызметінің баламасы.
СНХ:Юрий Киселёв — ІІО ардагері
СҚО ПД мен Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов жастарға жедел қызмет ардагерлері Фархат Бегішев пен Юрий Киселёвтың, кадр қызметкері Кәпез Дәулетбаевтың, мемлекеттік автомобиль инспекциясының ардагері Любовь Осинскаяның, ол зейнетке шыққаннан кейін департамент мұражайын үздіксіз басқарып келеді, сондай-ақ басқа да ардагерлердің даңқты еңбек жолы туралы мақтанышпен әңгімеледі. Олардың барлығы – ведомство өміріне белсене араласатын азаматтар.
СНХ:Кәпез Дәулетбаев — ІІО ардагері
СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті. Жастар атынан құттықтауды криминалист Дариға Байтеңізова жеткізді.
СНХ:Дариға Байтеңізова — Петропавл қ. ПБ жедел-криминалистикалық бөлімі криминалисі