Тимирязев ауданында бүгінде 34 мәдениет нысаны жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында 19 мемлекеттік кітапхана мен 15 клуб типіндегі мекеме бар. Сонымен қатар, соңғы жылдары аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін жаңа демалыс орталықтары да ашыла бастады. 

Құртай ауылдық округінде де шығармашылыққа жақын жандар аз емес. Жаңа ашылған демалыс орталығы түрлі қызығушылығы бар ауыл тұрғындарын бір шаңырақ астына жинады. Наталья Поэтова өлең жазбаса да, қолданбалы өнермен айналысқанды ұнатады. Оның қолынан шыққан бұйымдар - шеберлік пен шабыттың көрінісі.

СНХ:НАТАЛЬЯ ПОЭТОВА, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Анастасия Рис - мәдени іс-шаралар ұйымдастырушы, оның идеялары аудандық клубта қолдау тауып, жүзеге асуда. Қазір «Інжу» үйірмесінің қатысушылары түрлі қолөнермен айналысып, шығармашылық қабілеттерін дамытып жатыр.

СНХ:АНАСТАСИЯ РИС, МӘДЕНИ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ


Ауыл халқы туған жерінің тарихын жақсы біледі және құрметтейді. Жергілікті өлкетану бұрышы әсіресе жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие.

СНХ:ЕЛЕНА КУЧЕРЯВАЯ, КІТАПХАНАШЫ


Ауыл тұрғындары Республика күнін тойлауға дайындалуда. Мерекелік жиын ауданда да сән-салтанатымен өтпек.