Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда қазіргі күні егіншілік пен қатар мал шаруашылығы саласы да қарқынды даму үстінде. Етті бағыттағы мал бордақылау алаңдарын есепке алмағанның өзінде қазіргі күні аудан бойынша «Нежинка-Ерке», «Астық Привольный», «Әділ», «Возвышенка-СК», «Айзет Фармс», «Колос» секілді 6 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істеп тұрғандығы оған дәлел бола алады.
Ғабит Мүсірпов ауданындағы Нежинка ауылында орналасқан «Нежинка-Ерке» серіктестігінің жұмыстары ауылшаруашылығы саласына бытталған. Меншіктеріндегі егіс алқаптарының көлемі 21900 гектарды құрайды. Онда дәнді, майлы дақылдар мен бұршақ және малға қажетті жем-азық түрлері себіледі. Одан бөлек шаруашылық сүтті бағыттағы ірі-қара өсірумен де айналысады. Қазіргі күні серіктестіктегі мал басы 1900 болса, оның 580-ні сауын сиырлар. Қазір онда сүт өндірісі көлемі күніне 14 тоннаны құрайды. Ал заманауи сұт тауарлы фермасын салудағы мақсат қолдағы малдың әлеуетін мейлінше пайдаланып өндіріс көлемін арттыру. Ол іске қосылғанда сүт өндірісі көлемі күніне 22 тоннаға жетпек.
СНХ:Қуат Батықов –«Нежинка - Ерке» серіктестігінің атқарушы директоры
Серіктестік бүгінде тек өз шаруашылықтарын дамытып қана қоимай ауылдағы әлеуметтік сала мен инфрақұрылымды жақсартуға да баса назар аударады. Еңбеккерлер саны 360 адам. Кадр тапшылығы жоқ
.
СНХ:Қуат Батықов –«Нежинка - Ерке» серіктестігінің атқарушы директоры
Елді мекенде қазіргі күні әлеуметтік маңызға ие нысандардың барлығы жұмыс істеп тұр. Түтіні түзу ұшқан ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі өзгелерге үлгі боларлық.