Озық ойлы ұлт болу үшін ең алдымен, білім-ғылымның дамуына баса мән беруіміз керек. Мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтаған Президент осылай деді. Соңғы жылдары Бұл салада атқарылған жұмыс орасан. 5 жылдың ішінде 1200 жаңа мектеп ашылды. 150 келешек мектебі салынып, тағы 67 сінің құрылысы жүріп жатыр. Мұғалімдердің жалақысы 2 есе артты. Қазіргідей құбылмалы заманда сапалы біліммен қатар, саналы тәрбиенің маңызы ерекше. Біз осы мәселеге баса назар аударуымыз керек деген мемлекет басшысы білім беру саласына елеулі үлес қосқан бірқатар мұғалімді мемлекеттік наградалармен марапаттады.

СНХ:ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ