«Қарттар күні» мерекесінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аға буын өкілдерін құттықтап, олармен бірге жақында ғана ашылған "Мағжан орталығында" болды. Қариялар тарихи нысанды аралап, құнды деректермен танысты. Айта кетейік, бүгін өңірдегі 104 мыңнан астам зейнеткер қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігіне ие болды.

Бірінші қазан - қазыналы қарттар күні. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аға буын өкілдерін осынау айтулы мерекемен құттықтады. Шара әдеттегідей зәулім ғимараттарда емес, 1 ай бұрын ғана таспасы қиылған Мағжан орталығында өтті. Мына тұрған қарияларға тарихи нысанның тыныс-тіршілігімен танысу бір ғанибет екені сөзсіз.


Кейін жиналғандардың барлығы ғимараттың ішіне бас сұқты. Мына қазыналы қарттардың арасында "Мағжан орталығына" алғаш келгендер де бар. Олар нысанға аяқ баса салысымен таңданыстарын жасырмады. Шара барысында облыстық мемлекеттік архивтің директоры Сәуле Мәлікова қатысушыларға "Мен жастарға сенемін" деп жырлаған біртуар тұлғаның өмірбаяны жайлы айтып берді.

интершум 162

Орталықта марғасқа Мағжанға қатысты құнды құжаттар жетерлік. Кейбірі өзге елдерден алынған. Тіпті, 1927 жылы жарық көрген физика пәні оқулығы бар. Экскурсия барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысушыларға орақ науқанының барысы жайлы айтып берді.

СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі


Қазақта қарты бар елдің қазынасы бар дейді. Аға буын өкілдері - әр уақытта ардақ тұтар ақылшымыз, жол сілтейтін жақындарымыз. Сондықтан да мұндай жандарға құрмет көрсету перзенттік парызымыз болып саналады. Бүгінгі экскурсия облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Анатолий Корабельниковтің көңілінен шығыпты.

СНХ:АНАТОЛИЙ КОРАБЕЛЬНИКОВ, СҚО ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары


Қазіргі таңда облыста 104 мыңнан астам зейнеткер бар. Бүгін олардың барлығы қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Тек кондукторға жеке куәлігін көрсетсе болғаны.