Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде үздіксіз кәсіби даму күні ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің педагогикалық мамандықтарында білім алып жүрген 40-қа жуық болашақ ұстаз қатысты. Кездесу барысында студенттер NIS экожүйесіндегі инновациялық әдістемелермен, білім беру бастамалары мен соңғы реформалармен танысып, кәсіби дағдыларын жетілдірді.

Жоба 2023 жылдан бері университетте «ЖОО-ның академиялық дербестігі жағдайында «Педагогикалық ғылымдар» бағытының студенттері мен түлектерінде үздіксіз кәсіби даму құзыреттіліктерін қалыптастыру» атты ғылыми жобаның аясында жүзеге асырылып келеді. Бұл жобаның келешек ұстаздар үшін берері мол. Студенттер кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіре отырып, заманауи педагогикалық әдістермен таныса алады. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу және білім беру үрдістерін зерттеу мүмкіндігі де қарастырылған. Кездесу барысында болашақ педагогтар Назарбаев зияткерлік мектебі экожүйесіндегі инновациялар, білім беру бастамалары мен реформалармен танысты. Кәсіби тәжірибе шеңберінде колледж студенттері үшін мектеп ішінде экскурсия ұйымдастырылып, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету бойынша сұрақ-жауап сессиясы өтті. «Педагогика және психология», «Білім берудегі психология», «Бастауыш білім беру және инклюзивті тәжірибе» мамандықтарының студенттері NIS-Programme бағдарламасының ерекшеліктерімен танысып, ұлттық даму басымдықтары мен халықаралық білім беру үрдістерін үйлестіру жолдарын меңгерді.

СНХ:АЛМА МУРЗАЛИНОВА , KOZYBAEV UNIVERSITY «ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ


СНХ:БАЛЖАН САТЫЛҒАН , М.ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 3-КУРС СТУДЕНТІ