Ұрпақ сабақтастығын жалғаған ұлағат иелері Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 мектепте еңбек етуде. Бұл білім ордасында бір емес, бірнеше ұстаздар әулеті жұмыс істейді. Бір отбасының бірнеше мүшесі мұғалім болып, ұрпақ тәрбиесіне өмірін арнаған. Олар үшін ұстаздық — тек мамандық емес, үлкен жауапкершілік пен жүрек қалауынан туындаған өмірлік жол.
Ұстаздық — жүрек қалауы. Мұны Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 мектептің жас маманы өз сөзінде дәлелдеді. Ол бұл жолды кездейсоқ таңдаған жоқ. Анасының ізімен жүріп, білім саласына келді.
СНХ:КАРИНА ГУБАЙДУЛИНА, СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №2 МЕКТЕПТІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Ұлжан Жаутеева 2014 жылдан бері педагогикалық қызметте. Ол Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж бен Түмен мемлекеттік университетін тәмамдаған. Отбасылық дәстүрге сай ұстаздықты таңдаған, атасы – араб тілін оқытқан ұстаз, тәтесі – қазақ тілі мұғалімі. 11 жыл оқу ісі жөніндегі орынбасар болып, қазір бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Балалардың қуанышы мен ата-аналардың алғысы – оның негізгі мотивациясы.
СНХ:ҰЛЖАН ЖАУТЕЕВА, СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №2 МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
Ал Айгүл Құсайынова химия және биология пәндерінің жоғары санатты мұғалімі. Білім беру саласында 36 жылдық еңбек өтілі бар. Қазіргі таңда өзі қызмет ететін мектепте 8 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ұстаздық жолды таңдауына әкесі үлкен ықпал еткен. Ол білім саласында 50 жыл қызмет етіп, мектеп директоры болған. Отбасында ұстаздар әулеті қалыптасқан, әпкесі — математика пәнінің мұғалімі. Айгүл Құсайынова әкесінің жолын жалғастырып, шәкірт тәрбиелеу ісін өмірлік миссиясына айналдырды. Бүгінде ол — өз кәсібіне адал, ұрпақ тәрбиесіне шын жүрегімен үлес қосып келе жатқан білікті ұстаз.
СНХ:АЙГҮЛ ҚҰСАЙЫНОВА, СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №2 МЕКТЕПТІҢ ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Мұғалімдер әулеті — бұл жай ғана бір мамандықты таңдаған отбасы емес, бұл — ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан үлкен рухани мұра. Осындай әулеттер — ұлт болашағын тәрбиелейтін, өшпес өнеге қалдыратын шын мәніндегі ұстаздық династиялар. Олар — білім беру саласының тірегі, елдің ертеңіне жол сілтейтін шамшырақ.