Смағұл Садуақасұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектепте ұстаздық жолды жалғаған ұстаздар әулетінің өкілдері еңбек етуде. Бүгінде мұнда 90-ға жуық мұғалім жұмыс істесе, 560-қа тарта оқушы білім алуда. Ұстаздық жолды ұрпақтан-ұрпаққа мирас еткен отбасылар — жас буынға тағылым мен тәрбие берудің жарқын үлгісі.

Алмагүл Мейірманова — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, әрі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Білім саласындағы еңбек өтілі — 32 жыл. Соның 8 жылын Смағұл Садуақасов атындағы №2 мектепте өткізіп келеді. Ұстаздық жолды таңдауда әкесінің ықпалы зор болғанын айтады. Бала кезден ұстаздықты арман еткен Алмагүл Мейірманова бүгінде білім мен тәрбиені ұштастырып, өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп келеді.

СНХ: ЛМАГҮЛ МЕЙІРМАНОВА — СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №2 МЕКТЕПТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ


Гүлбаршын Анафина №2 мектептің математика пәні мұғалімі. Қостанай мемлекеттік университетінің түлегі. Кейін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Математика» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Ұстаздық жолды саналы түрде таңдап, бүгінде өз білімін шәкірт тәрбиесіне арнап келеді. Еңбегімен көзге түскен педагог — отбасындағы ұстаздық дәстүрді жалғастырып келе жатқан маман.

СНХ:ГҮЛБАРШЫН АНАФИНА, СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №2 МЕКТЕПТІҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ