Петропавлда «Ауыл» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы 1 қазан – Қарттар күніне орай «Жасанды интеллект жасқа қарамайды» атты кездесу ұйымдастырды. Іс-шарада ардагерлер мен жастар буыны бас қосып, жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін бірге үйренді. Негізгі мақсат – қарттарға жасанды интеллектіні күнделікті өмірде тиімді қолданудың қарапайым тәсілдерін үйрету. Сондай-ақ, «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай 20 ардагерге арнайы медальдар табысталды. Әріптесім тарқатады.

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында Жасанды интеллект бағытында көтерген бастамалары аясында ұйымдастырылған бұл кездесудің міндеті – қарттардың заманауи технологиялық үрдістерден қалыс қалмауына жағдай жасап, ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Жиын барысында ардагерлерге жасанды интеллекттен кеңес сұрау, E-gov және ChatGPT секілді кең тараған қосымшаларды қолданудың қарапайым қадамдары түсіндіріліп, практикалық шеберлік сабағы өтті.

СНХ:РҮСТЕМ АРМАН , «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖҚ ТӨРАҒАСЫ


Кездесуде аға буын өкілдері Қарттар күніне орай ізгі тілектерін білдірді. «Ауыл» партиясы жастар қанатының белсенділері ардагерлерге арнап концерттік бағдарлама ұсынып, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, денсаулық пен білім саласында, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, елге еңбегі сіңген ардагерлерге арнайы медальдар табысталды.

СНХ:МҰХАМЕДИЯР ШАЯХИН , ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ


Кездесу қарттарға құрмет көрсетіп қана қоймай, олардың заманауи технологияларды меңгеруіне мүмкіндік берді. Ардагерлер мен жастарды тоғыстырған іс-шара ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.