Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелланы елорда әуежайынан шығарып салды. Италия президенті кеше елімізге ресми сапарымен келіп, Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевпен екі ел арасындағы жан-жақты байланысты нығайту перспиктиваларын талқылады. Келіссөздер қортындысы бойынша Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтуға уағдаласты. Италия Қазақстанға инвестиция құйған елдердің топ бестігіне кіреді. Былтыр екуара сауда айналымы 20 млрд долларға жеткенін айта кетейін.