Солтүстік Қазақстанның жас спортшылары халықаралық аренада тағы бір жарқын жеңіске қол жеткізді. Абу-Дабиде өткен жастар арасындағы муай-тайдан әлем чемпионатында жерлестеріміз жалпы саны алты медаль жеңіп алды. Оның екеуі алтын.
Төзімділік, тынымсыз еңбек пен жанкешті дайындық осының бәрі чемпиондардың жеңісіне жол ашты. Солтүстік Қазақстан облысының атынан әлемдік аренаға шыққан «СК Жауынгер» клубының спортшылары үлкен сынға тас-түйін дайын барды. Жастардың жеңіске деген жігері мен дайындығы туралы клубтың аға бапкері Иван Ван-Хон-Тун айтып береді.
СНХ:ИВАН ВАН-ХОН-ТУН, СҚО «СК ЖАУЫНГЕР» КЛУБЫНЫҢ АҒА БАПКЕРІ
Муай-тайдан әлем чемпионатында 112 елдің мықтысы бас қосты. Солардың қатарында Солтүстік Қазақстанның атынан 11 спортшы қатысты. Әр жеңістің артында айлап төгілген тер, күн сайынғы тынымсыз дайындық пен бапкерлердің сенімі тұр. Көптеген спортшылар үшін бұл халықаралық деңгейдегі алғашқы үлкен сынақ болды, бірақ олар өздерін лайықты көрсете білді.
СНХ:МАДАЛИ ТАБЫЛДИНОВ, ҚАТЫСУШЫ
Әлем чемпионатының нәтижесінде біздің спортшылар екі алтын және төрт қола медаль жеңіп алды. Алтын жүлделер «СК Жауынгер» клубының шәкірттеріне бұйырды. Чемпионаттан оралған жеңімпаздарды елде салтанатты түрде қарсы алып, оларға құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыстады. Бапкерлердің айтуынша, бұл — тек бастамасы ғана Әлі жас спортшыларды алда жаңа жарыстар мен биік мақсаттар күтіп тұр дейді.