Биыл Тимирязев ауданында егістік алқабы 271 мың гектарды құрады. Ауданда 319 агроқұрылым жұмыс істеп жатыр. Аграрийлер астық жинауды аяқтап келеді, дәнді дақылдар 218 мың гектарға орналастырылған.

Күз – ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін қызу шақ. Диқандар күн-түн демей еңбек етуде. Орақ науқанының барысымен «Атамекен-агро» компаниялар тобына қарасты «Мичуринский» ЖШС таныстық. Мұнда ауыл шаруашылығы дақылдары 17 мың гектарға егілген. Ол – бидай, күнбағыс, рапс, жасымық, бұршақ. Тыңайтқыштарды қолдану, ғылыми тәсіл және мамандардың кәсібилігі мол өнім алуға ықпал етуде.

СНХ:АНТОН КУЗНЕЦОВ, «МИЧУРИНСКИЙ» ЖШС АГРОНОМЫ


Механизаторлар өнімді ысырапсыз жинау үшін тәулік бойы еңбек етуде. Александр Батизат компанияда 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Жұмыс жағдайына көңілі толады, жалақысы лайықты, тұрақты түрде сыйақылар беріліп отырады. Мәселен, өткен жылы орақ науқанының қорытындысы бойынша маман Тайландқа жолдама алған.

СНХ:АЛЕКСАНДР БАТИЗАТ, МЕХАНИЗАТОР


Компания мал шаруашылығын да дамытып отыр. Мұнда ангус тұқымды 500-ден астам ірі қара өсіріледі. Алдағы уақытта мал басын арттыру жоспарланған.

СНХ:ДАУЛЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ, «МИЧУРИНСКИЙ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ


Кәсіпорын – әлеуметтік жауапкершілікті де басты назарда ұстап отыр.