Камиль Сафин атындағы облыстық бокс мектебінің базасында бокстан ел біріншілігіне іріктеу кезеңі басталды. Жарысқа 2008–2009 жылы туған 50-ге жуық спортшы қатысты. Негізгі мақсат: жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттап, олардың боксқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
4 күнге созылған турнирде спортшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Бұл турнирге ұлдардармен қоса қыздарда қатысып жатыр.
СНХ:ЕСЕНГЕЛДІ КӨКБАС, БОКСТАН СҚО-ДА АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Іріктеу кезеңі 3 минуттан 3 раундқа дейін созылды. Ең бірінші болып рингке Есіл ауданынан келген 15 жасар Мейірбек Кереев шықты. Шаршы алаңда екі қарсыласта бір-біріне дес бермеді. Бірақ сенімділік пен мықты соққының арқасында Мейірбек басым түсіп, жеңіске жетті. Ол бокспен 4 жыл бойы айналысып келеді. Болашақта әлем чемпионы боламын деген ниетте.
СНХ:МЕЙІРБЕК КЕРЕЕВ, ҚАТЫСУШЫ
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылғандар марапатталып, жаттықтырушылардың назарына іліккен солтүстікқазақстандық спортшылар облыс құрамасына еніп, алдағы уақытта республикада өңір намысын қорғайтын болады.