Өңірде 15 қыркүйектен бастап «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Осы орайда полицейлер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Жедел профилактикалық іс-шарасы кезеңінде полицияның кезекшілігі күшейтілді. Мәселен, Петропавл қаласының шекарасындағы «Оңтүстік» бекетінде патрульдік полицейлерге құжаттар мен жүктерді тексеруде жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері көмектесті.Тәртіп сақшылары жолаушылар тасымалының қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Қалааралық жолдарға шығатын шағын автобустардың жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, жылдамдық режимін, еңбек және демалыс режимін сақтауға шақырады. Сондай-ақ, көлік жүргізу кезінде телефон қолдану жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін екені ескертілді.

СНХР:Қайырбек Баймонкенов — Петропавл қ. ПБ бастығының орынбасары