Петропавлда жастар арасында интерактивті квест өтті. «Заң және тәртіп. Болашаққа бағыт» атауымен ұйымдастырылған іс-шара Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған басым бағыттарды түсіндіру аясында ұйымдастырылған.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, құқықтық мәдениетін және ел болашағына деген жеке жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттарды талқылауға жастарды тарту.
СНХР:ЛИДИЯ ГРАБАРЬ – ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қатысушылар 5 командаға бөлініп, интерактивті квест барысында логикалық тапсырмалар мен ребустарды шешіп, топпен жұмыс жасау, көшбасшылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар арасында студенттермен қатар, еріктілер де болды.
СНХ:ОЛЕСЯ ЛЕЛЯХ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ
Мұндай форматтағы танымдық ойын жастар арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылар болашақта осындай іс-шараларды дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр. Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.