Аймақта аграрлық секторды дамыту мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру басты басымдықтардың бірі болып отыр. Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов егін жинау науқанының барысымен танысып, сүт-тауарлы кешеннің құрылысы мен жол жөндеу жұмыстарын тексерді. Жамбыл ауданында атқарылып жатқан жұмыстар жайында толығырақ әріптесім тарқатсын.

Жұмыс сапары аясында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жамбыл ауданында өтіп жатқан егін жинау науқанының барысымен танысты. Бүгінде 312 мың гектар егіс алқабының шамамен 35 пайызы жиналған. Аграрлық сала өкілдері заманауи технологияларды тиімді қолданып өнім сапасын арттырып отыр.


Облыс әкімінің айтуынша, уақытылы қаржыландыру мен мемлекеттік қолдау аграрлық саладағы өнімділікті арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.

СНХ:Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі


Ауданда жаңа сүт-тауарлы кешен іске қосылуға дайын. Құрылысы 2024 жылдың тамызында басталған нысанның алғашқы кезеңі аяқталды. Кешен жылына 2 мың тоннадан астам сүт өндіреді деп жоспарланып отыр. Жақын арада ірі қара мал жеткізіледі.


СНХ:Даниил Семенов, «ЮГВА» ЖШС директорының орынбасары


Өңір басшысы жөнделіп жатқан жолдардың сапасын қатаң бақылауға алып, мерзімнің сақталуын қадағалауды тапсырды.