Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қытайлық "Gansu International Logistics Group" компаниясының өкілдерімен кездесті. Қытайлық инвесторлар Тайынша ауданында астықты қайта өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр. Өңір басшысы бастаманы қолдайтынын жеткізді. Бүгінде облыстың Қытаймен сыртқы сауда айналымы 76 миллион АҚШ долларына жеткен. Қараша айында Астанада екіжақты кездесу өтіп, бірқатар келісімдерге қол қойылмақ.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қытайлық "Gansu International Logistics Group" компаниясының өкілдерімен кездесті. Аспан асты елінен келген жандардың теріскейде, дәлірек айтсақ, Тайынша ауданында астықты қайта өңдейтін зауыт салмақ ойлары бар. Сол себепті, жергілікті әкімдіктен жобаларды жүзеге асыру үшін көмек сұрай келіп отыр. Өңір жетекшісі өз сөзінде бастаманы қолдайтынын жеткізді.
СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Бүгінде облыстың Қытаймен сыртқы сауда айналымы 76 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл - өте жоғары көрсеткіш. "Жүз рет естігенше, бір рет көр" демекші, қытайлық делегацияны бастап келген Чжан Тицян мырза осыған дейін өңіріміз жайлы естігені болмаса, келмеген екен. Сондықтан болар, мейман теріскейдің сұлу табиғаты мен егіс алқабын көріп тәнті болған. Тағы ол аймақтағы инвесторларға жасалған жағдайды естіп, таңданысын жасырмады.
СНХ:ЧЖАН ТИЦЯН, "Gansu International Logistics Group" компаниясының бас директоры
Мемлекет басшысы өз Жолдауында инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлді. Осы бағытта өңірде ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Қазіргі таңда облыста 894 млрд теңгенің 51 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Келген меймандардың ұсынған жобасы облыс әкімінің көңілінен шықты. Қараша айында жергілікті әкімдік өкілдері Астанада барлық қытайлық серіктестерімен кездесу өткізеді. Аталған маңызды шарада тараптар арасында бірқатар ресми келісімге қол қойылады.