Облыс орталығында жастарға ой салатын ерекше кеш өтті. Студенттер Каспий теңізінің қазіргі жағдайы мен ондағы экологиялық апат жайлы деректі фильм тамашалады. Көрсетілім дәстүрлі кинотеатрда емес, табиғатпен үндескен «жасыл кинотеатр» форматында ұйымдастырылып, облыстық өлкетану музейінде өтті. Бұл іс-шара республика көлемінде қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясының бір бөлігі болды.
Каспий теңізінің тағдырын арқау еткен фильм студенттерді бейжай қалдырмады. Әсіресе Әбілхайыр Қайдар үшін бұл тақырып жат емес. Ол бір жылдан астам уақыт бойы ерікті ретінде түрлі экологиялық іс-шараларға қатысып келеді. Қаланы көркейту, көшелерге жасыл желек отырғызу, өзен-көлдердің тазалығын қадағалау — жас еріктінің басты істерінің бірі.
СНХ:ӘБІЛХАЙЫР ҚАЙДАР, KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТІ
Мұндай кинокөрсетілімдер қоршаған ортаның проблемаларымен нақты мысалдар арқылы таныстырумен қатар, жастарды экологиялық мәселелерді талқылауға тартады, жаһандық өзгерістердің табиғатқа және адамдардың өміріне тікелей әсер ететінін көрсетеді.
СНХ:ОКСАНА ГОНЧАРЕНКО, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Жыл басынан бері өңірде шамамен 90 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды. Оның ішінде 75 мыңнан астамы ағаш, 12 мыңнан астамы бұта. Экологиялық акцияларға, оның ішінде сенбіліктер мен «Таза бейсенбі» бастамасына 108 мыңнан астам адам қатысты. Полигондарға 61 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.