Жерлесіміз Наталья Богданова Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Облыс әкімі әлеуметтік желіде Натальяны жеңісімен құттықтады. «Наталья Богданованы бокстан Әлем чемпионатындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Жерлесіміз халықаралық аренада Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, әлем чемпионы атағын иеленді. Наталья біздің облыстан шыққан алғашқы әлем чемпионы. Оның бұл жетістігі-барша халқымыз үшін үлкен мақтаныш. Жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілеймін деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов