14 қыркүйек – Отбасы күні. Қазақстанда бұл мереке 2013 жылдан бастап жыл сайын қыркүйектің әрбір екінші жексенбісінде аталып өтеді. Ерекше дата қарсаңында бүгін 55, 60 және 70 жыл бұрын отау құрған 20 жұп бас қосты. Олардың арасында белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері де бар. Зейнеткерлер мерекелік концертін ұсынды. Ұзақ жыл отасқан мерейлі отбасыларға сыйлықтар табысталды. Олар өз кезегінде, жас жұптарға ақжарма батасын беріп, тілектерін жеткізді.

СНХ:ҚАЛИБЕК АЛТЫБАЕВ, ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ