Биыл арнайы прокурорлар сотқа 55 қылмыстық іс жолдап, соның негізінде 112 адам сотталған. Бұл жөнінде Президент қабылдауында болған Бас прокурор мәлімдеді. КСМ: Берік Асыловтың айтуынша, тағы 80 іс соттардың қарауында жатыр. Арнайы прокурорлар тексерген істер бойынша жалпы сомасы 14 миллиард теңгеден астам залал өтелді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға барлық салада заңдылықты қамтамасыз ету және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.