18 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі аясында Жас дінбасылардың II форумы өтеді. Жиын жаңа буынды жаһандық міндеттерді шешуге жұмылдыру және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға бағытталған. Бұл маңызды бас қосу түрлі мәдениеттер мен діндер өкілдерімен өзара түсіністікке ұмтылатын жаңа көшбасшылар буынын қалыптастыруға ықпал етпек. Іс-шараға жас діни қызметкерлермен қатар ғалымдар, сарапшылар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері қатысады. Форум Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылғалы отыр.


СНХ:РУСЛАН ИБРАЕВ - КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ