Солтүстік Қазақстанда қанша көше құқық қорғаушылардың есімімен аталған, ең «даулы» қылмыстар қалай ашылды, Қазақ хандығының заңдарынан бастап бүгінгі Қазақстан Республикасының Конституциясы қалай қалыптасты — осы және басқа да қызықты деректерді жас полицейлер облыстық полиция департаментінің музейінде өткен экскурсия барысында білді.


Іс-шара Конституция күні қарсаңында ұйымдастырылды. Экскурсия музейдің кинозалынан басталды. Онда Солтүстік Қазақстан полицейлері жайлы түсірілген фильмдер, бейнероликтер мен жаңалық сюжеттерінен құралған мол видеотека жинақталған. Кейін музей меңгерушісі Любовь Осинская экскурсия қатысушыларын 5 мыңнан астам жәдігер қойылған төрт залға алып барды.


Қызмет өтілі бір жылдан аспайтын қатардағы және кіші офицерлер елдің Негізгі заңының тарихымен, сондай-ақ өңірдегі ішкі істер органдарының қалыптасу кезеңдерімен танысты. Соғыс жылдарындағы және бейбіт өмірдегі қызметкерлердің ерліктері, сондай-ақ аты аңызға айналған жерлестері туралы деректерді білді.

СНХ:Керім Турдукул – полицияның учаскелік инспекторы


Жас полицейлерге арналған мұндай экскурсиялар СҚО полиция департаментінің музейінде тұрақты түрде өткізіледі. Бұл – Заң мен Тәртіп сақшысын таңдағандар үшін патриоттық тәрбиенің маңызды элементтерінің бірі.