Мамлют ауданына қарасты Менкесер ауылында орналасқан «Мамбетов и К» КС базасында Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы науқанының басталуына орай «Ұлы дала астығы – 2025» атты ауқымды аграрлық іс-шара өтті. Жиында заманауи ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі, тұқым шаруашылығы, тыңайтқыштар және өсімдіктерді қорғау салаларындағы инновациялық шешімдер ұсынылып, пленарлық отырыс ұйымдастырылды.
Биылғы жаз солтүстікқазақстандық шаруалар үшін өте қолайлы болды. Ауа райы тым ыстық болмаса да, ылғалды болды. Бұл жақсы өнім алуға үлкен мүмкіндік.
СНХР: ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО - “ЗЕНЧЕНКО И К” КС ДИРЕКТОРЫ
СНХР: НАҒАШЫБАЙ БАРЛЫБАЕВ - “АРҚАЛЫҚ” ШҚ БАСШЫСЫ, МАМЛЮТ АУДАНЫ
Өңірде әлеуметтік маңызы бар дақылдардың көлемі көбейді. Ауыл шаруашылығындағы тауар өндірушілер 340 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізді, техника мен тұқым да жаңартылды. Биыл диқандар 4,3 миллион гектар жерден өнім жинайды. Оның 3 миллионы – дәнді дақылдар, 1 миллионы – майлы дақылдар. Аймақтағы элеваторлар астықты қабылдауға дайын.
СНХР: ДАУРЕН ТОКУЖИНОВ – СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жиынға өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, аудан әкімдері, ғылыми ұйымдардың өкілдері, аграрлық кеңес мүшелері, ауыл шаруашылығы саласының жетекшілері және Ресейден келген серіктестер қатысты. Қонақтар заманауи ауыл шаруашылығы техникасы, селекциялық жетістіктер, тұқым, тыңайтқыш және өсімдіктерді қорғау құралдарының өнімдерімен танысты.
Сонымен қатар, қатысушылар «Мамбетов және К» командиттік серіктестіктің сорттық алқаптарын аралап, заманауи егіншілік технологияларын тәжірибеде көрді. Дала семинары пленарлық бөліммен жалғасты.
СНХР: АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН - ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Семинарда орақ науқанына стратегиялық дайындық, өсімдік шаруашылығында цифрлық және инновациялық технологияларды енгізу, өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру іс-шаралары талқыланды.
СНХР: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Ұлы дала астығы - 2025» аграрлық саланың тәжірибе алмасу, даму перспективасын талқылау және жетістіктерді таныстыру алаңы болды. Алда маусымның ең маңызды кезеңі – егін ору жұмыстары тұр.