2025 жылдың алғашқы алты айында облыстық көпбейінді балалар ауруханасына шамамен 6400 бала түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 700-ге көп. Сонымен қатар, жасалған ота саны да 70-80-ге артқан. Мамандар бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөлу қажеттігін айтуда. Әсіресе жаз мезгілінде түрлі жарақаттар мен төтенше жағдайлардың жиілейтіні байқалады. Сондықтан ата-аналарға балаларының қауіпсіздігін қадағалап, сақтық шараларын естен шығармауға кеңес беріледі.

Жазғы демалыс – балалар үшін шығармашылықты дамытудың, жаңа дүниелерді үйренудің тамаша мүмкіндігі.Бұл мезгілде олар мектептегі сабақты артқа тастап, еркін тынығып, сүйікті істерімен айналысады. Бірі спортпен шұғылданса, енді бірі кітап оқуға, сурет салуға немесе табиғатта серуендеуге көңіл бөледі.

СНХ: ХАНШАЙЫМ АБЗАЛҚЫЗЫ, Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ


Мектеп жасындағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда ата-аналардың рөлі өте зор. Олар әрдайым балаларының немен айналысып жүргенін бақылап, сақтық шараларын үйретіп отыруы тиіс. Осы орайда, қала тұрғындарының да ой-пікірін сұрап білдік.

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Асылжан Төленбектің сөзінше, жазғы уақытта балалардың жарақат алулары жиіліей түседі. Мәселен, қазіргі таңда «жарақат – ортепедия» бөлімшесінің өзінде әртүрлі жарақатпен 22 бала жатыр. Оның ішінде күйік шалу, самокаттан пен терезеден құлау және т.б жағдайлар бар.

СНХ: АСЫЛЖАН ТӨЛЕНБЕК, ОБЛЫСТЫҚ КӨП БЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ОРТОПЕД ДӘРІГЕРІ


Түрлі сала мамандары ата-аналар мен қамқоршыларға балалардың демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын ескертеді. Атап айтқанда, суға шомылу, жолда жүру ережелері, от пен электр құралдарымен жұмыс істеу сияқты жағдайларда сақтық шаралары күшейтілуі қажет.