«Ботай» музей‑қорығы бүгінде тек археологияның қазыналы ордасы ғана емес, сонымен бірге білім, ғылым және мәдени туризмнің маңызды орталығына айналды. Жыл сайын 62 гектардан астам аумақта зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Солайша, Ботай мәдениетінің баға жетпес жәдігерлері мен ежелгі өркениеттің іздері табылып, тарихымызға тың деректер қосылу үстінде.
Ботай қонысы — қазақ жерінің терең тарихи тамырын дәлелдейтін, әлемдік өркениет үшін маңызды ескерткіш. Бұл жер – жылқыны алғаш қолға үйреткен ұлы мәдениеттің бесігі. Қонысты ең алғаш тың игеру жылдарынан кейін Есләмбек Зікірияұлы тауып, зерттеген. Ал, кейін оны зерттеуді Виктор Зайберт ғылыми түрде жалғастырған.
СНХ: МӘДЕНИЕТ ҚҰТТЫБАЙ, «БОТАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ҒЫЛЫМИ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:
- Ботайлықтардың сыры әлі күнге дейін толық ашылмаған. Күннен-күнге дүйімді қызықтыру үстінде. Оларды дала архитектурасының негізін қалаушылар деп атаймыз. Себебі, баспаналарының өзі тапқырлықпен жасалған. Жертөле жер астына 1,5 метр тереңдікте қазылған. Қабырғаларын тұрғызу кезінде балшық пен сүйектерді қолданыр, мықты әрі төзімді еткен. Шатыры болса бөренелерді қиғаштап құрастыру арқылы жабылған. Баспананың көшірмесін салу барысында бірде-бір шеге мен заманауи құралдар қолданылмаған.
Мәдениет мырзаның айтуынша,Ботайлықтарда 7 үйдің адамдары 1 тайпаны құраған. Ол қыстыгүні қар қалың кезде бір бірімен далаға шықпай ақ байланысу үшін, үйлеріне жер асты дәліздерін салған.
СНХ: МӘДЕНИЕТ ҚҰТТЫБАЙ, «БОТАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ҒЫЛЫМИ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Әрбір Ботай үйінің тұрғындары өздеріне тән шаруашылық түрімен айналысқан. Бірі егіншілікпен айналысса, енді бірі қолөнерге жақын болған. Бүгінде бұл қоныстағы жертөлелердің бірінде балықшының тұрмысы мен өмірі бейнеленген.
АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:
- Ботайлықтарды жұртшылық асауға алғаш ауыздық салғандар деп біледі. Атақты ғалым Виктор Зайберт мұны ғылыми түрде дәлелді. Ол 1 күндік зерттеу жұмысы кезінде 6 мың жәдігер тапқан екен.
СНХ: МӘДЕНИЕТ ҚҰТТЫБАЙ, «БОТАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ҒЫЛЫМИ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Сондай-ақ, Ботайлықтардың медицинамен де айналысқаны дәлелденген екен. Себебі, қазба жұмыстары кезінде шымшуыр табылған.
СНХ: СНХ: МӘДЕНИЕТ ҚҰТТЫБАЙ, «БОТАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ҒЫЛЫМИ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Айта кетейік, Ботай қонысына зерттер жұмыстары 40 жыл бойы жүргізіліп келеді. Бірақ, зерттеушілерді бір қызықтырып отырған нәрсе – ол адам сүйектерінің көптеп табылмауы. Мәдениет мырзаның айтуы бойынша, бұл қонысты әлі тағы 200 жылдай зерттеуге болады.