Биыл 23 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық туралы Заңға қол қойды. Аталмыш құжат еліміз бойынша қылмысы аса ауыр емес 15 мыңнан астам сотталушыға мерзімінен бұрын бостандыққа шығуларына мүмкіндік беріп отыр. Рақымшылыққа ілінгендер қатырында бұрын жол-көлік оқиғасы үшін кінәлі деп танылған Петропавл тұрғыны бар.
Александр Антоненко осы жылдың сәуір айында болған жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылды. Оған 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни 1 млн 846 мың теңге айып салынып оны түзету жұмыстары арқылы өтеу жайында үкім шыққан болатын. Алайда қылмыстың аса ауыр еместігін ескерген сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай қабылданған Рақымшылық туралы Заңның нормаларын қолдануға болатынын алға тартты.
Рақымшылық жасау актісі алғаш рет ауырлығы аз қылмыс жасаған адамдарды жазадан босатуды көздейді. Шешім қабылдау кезінде жазаны жеңілдететін жағдайлар, сотталушының мінез-құлқы және келтірілген залалды өтеу де ескерілді.
СНХР: АЛЕКСАНДР АНТОНЕНКО – ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ
Сотталған адам түзеу жұмыстары түріндегі негізгі жазадан босатылды, бірақ қосымша жазасы өзгеріссіз қалды. Оған тағы екі жыл көлік жүргізуге тыйым салынады.
СНХР: АЗАМАТ ШАЯХМЕТОВ, СҚО ҚАЖД ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Пробация қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта 339 сотталушы есепте тұр. Оның 54-і жазадан толығымен босатылса 85-інің мерзімі қысқыртылуы мүмкін.