Қызылжар ауданы Тепличное ауылының саяжай тұрғындарымен кездесу өтті. Жауапты мамандар және жергілікті билік өкілдері адамдарға жаңа бөгет салу жұмыстары туралы түсіндіріп, үйлерді сүру туралы сұрақтарына жауап берді.
Ербатыр Жүнісов Қызылжар ауданында 20 жылға жуық уақыт тұрады. Ал, баспанасын салғанына 10 жыл болған. Енді тұрғын жаңа бөгет салынса үйі сүріліп кетпеуін қалайды.
СНХ: ЕРБАТЫР ЖҮНІСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Жауапты мамандардың сөзінше, нақты шешім шыққанға дейін тұрғындардың үйіне ешкім тиіспейді. Бірақ, әкімдік өкілдері мәселені барынша дұрыс шешуге тырысып жатқанын жеткізді.
СНХ: БЕЙБІТ ИСМАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Тепличное ауылына салынатын жаңа бөгеттің биіктігі жобаға сәйкес 7 метр болмақ. Ал, ұзындығы 5 шақырымға созылады. Қызылжар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бейбіт Исмановтың сөзінше, қорғаныс бөгеті елдімекенді тасқын судан қорғайды. Құрылыс жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.