Облыстық әкімдікте кезекті отырыс өтті. Күн тәртібінде - бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары мен ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Отырыстың басында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов халықтың өмір сүру сапасын арттыруды басты мақсат ретінде атап өтті. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ


Облыстық экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов өз баяндамасында барлық негізгі бағыттар бойынша бірінші жартыжылдықтың негізгі көрсеткіштерін баяндады. Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы саласында - ет, сүт және жұмыртқа өндірісінің өсімі мен мал шаруашылығының тұрақты дамуын атап өтті.

СНХ: ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Өңірде құрылыс саласы белсенді дамуда. Жарты жылдың ішінде орындалған жұмыстар көлемі 26%-ға артқан. Бұл өсім күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының, сондай-ақ ауқымды құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебінен болып отыр. Облыс әкімі құрылыс маусымын барынша тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.

СНХ: Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі


Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер талқыланғаннан кейін қатысушылар негізгі тақырып – ауыз сумен қамту мәселесіне көшті. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысын қарау үшін мердігер ұйым өкілдері де шақырылды. Қазіргі жағдай туралы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы баяндады.

СНХ: ДАНИЯР ҚУАНЫШБАЕВ, СҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Кейін «Қызылжар су» кәсіпорнының өкілі Мұратбек Әбішев есеп берді. Ол бірінші сорғы станциясының қайта жаңғыртылуы және өзге де ағымдағы және жоспарланған жұмыстар туралы баяндады.

СНХ: МҰРАТБЕК ӘБІШЕВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ


Кеңес барысында облыс басшысы қала мен аудан әкімдеріне тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді. Мердігер ұйымдардың мерзімді бұзуы мен міндеттемелерді орындамауы тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелетінін ескертті.

СНХ: Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі


Жиын соңында облыс әкімі аудан әкімдеріне барлық жобаларды уақытында аяқтауды, санитарлық бақылауды күшейтуді және су сапасын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.