Тропикалық көбелектер— табиғаттың әсем жаратылыстары. Жарқыраған қанаттары мен нәзік қимылдары арқылы көз тартады. Бұл көркем жәндіктер ыстық аймақтарда өмір сүреді. Көрмеге табиғаттың таңғжайып жаратылыстарын Коста-Рика, Филиппин және Индонезиядан әкелген. Олар келушілерге ертегідей керемет әсер қалдырды.

Бұл көрмеде көбелектер шынының ар жағында емес, дәл жаныңызда қалықтап жүреді. Бірі келіп қолыңызға қона кетсе, енді бірі жаңадан жарыққа шығып, қанаттарын алғаш рет жаяды. Мұнда табиғаттың тірі кереметтерін тек сырттай бақылап қана қоймай, оларды ақырын қолға қондырып көруге де мүмкіндік бар.

Әр экзотикалық көбелектің өз мінезі бар. Бірі сабырлы, қимылсыз отырса, енді бірі айналаны ғана емес, адамдарды да қызығушылықпен зерттейді. Кейбір көбелектердің ғұмыры небәрі бірнеше күнге ғана созылады, сол себепті оларды ұшып жүрген сәтінде көру нағыз сәттілік.

СНХ: СЕРГЕЙ КУЗНЕЦОВ – ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ


Көбелектердің өмірі қысқа. Бірақ миллиондаған адамдарды тамсандырып, табиғатқа әсемдік сыйлайды.