Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруды жалғастырып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордан облыстың ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры инфрақұрылымын дамытуға 45 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Бұл қаражат есебінен өңірдің сумен жабдықтау жүйесін жақсартуға бағытталған 48 жоба жүзеге асырылады. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін халық сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі.Қазіргі таңда еліміздегі ең ұзын топтық су құбырлары Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Олардың жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. Осы құбырлар арқылы 175 мыңнан астам тұрғыны бар 229 ауыл ауыз сумен қамтылып отыр. Петропавл қаласының тұрғындары 100%, ал ауыл халық 97,5% сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізген.