2-ші шілдеден бастап Петропавлдан Шарм-эль-Шейх қаласына тікелей халықаралық әуе рейсі қайта іске қосылды. Жолаушыларға толы алғашқы ұшақ Египетке аттанды.

«SKAT» әуе компаниясының чартерлік рейсі Солтүстік Қазақстан облысы мен көршілес өңір тұрғындары үшін қайта қолжетімді. Ұшақ әр 10 күн сайын қатынайтын болады. Бұл бағыт бойынша рейстерді әуе компаниясы Boeing 737 max9 ұшағымен орындайды. Ұшақ 213 жолаушыға шақталған. Ұшу уақыты – шамамен 7 сағат болмақ.

СНХР: УӘЛИХАН ЖЫЛЫСБАЕВ – «QYZYLJAR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Бұл бағыт жаңадан ашылған жоқ. Петропавлда Шарм-эль-Шейхке дейінгі рейстер 2018 жылдан 2020 жылға дейін орындалған және сол жылдары үлкен сұранысқа ие болды. Қазір де бұл бағытқа қызығушылық жоғары. Алғашқы рейспен тек өңір тұрғындары ғана емес, Ресейден келген қонақтар да ұшты.


Айта кетейік, қазіргі уақытта «Qyzyljar» халықаралық әуежайы арқылы Астанаға, Алматыға және Шымкентке әуе рейстері бар.