Тепличное, Прибрежное және Бескөл ауылдарында салынып жатқан бөгеттер құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Бұл жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді. Құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр. Басты мақсат – елді мекендерді көктемгі су тасқынынан сенімді түрде қорғау.

2025 жылдың көктемінде Тепличное мен Прибрежное ауылдары су тасқынының қатерлі аймағына тағы енді. Су деңгейі күрт көтеріліп, қорғаныс бөгеттеріне жақындап қалған еді. Жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл түрде күштер жұмылдырылды: әскерилер мен құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп, құм салынған қаптармен бөгеттерді бекітті, ауыр техника тартылды. Ең осал аумақтардан халықты көшіру жұмыстары жүргізілді. Қазір жүргізіліп жатқан ауқымды құрылыс болашақта мұндай төтенше жағдайлардың алдын алып, ауылдарды тасқыннан қорғайтын болады.

СНХР: БЕЙБІТ ИСМАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ


Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барлық қорғаныс нысандарының құрылысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Аймақ басшысының айтуынша, бұл – өңір үшін басты міндет.

СНХР: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ


Сонымен қатар облыстық маңызға ие 2 900 метрлік автожолды қайта жаңарту жоспарланып отыр. Жоба құны – 3 миллиард теңге. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

СНХР: БЕЙБІТ ИСМАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ


Жобаны жүзеге асыру келесі жылға жоспарланған. Өңір басшысы жол құылысын екі жылдың ішінде аяқтауды тапсырды.