Солтүстік Қазақстан облысының тарихи бейнесі тереңде жатыр. Музей экспозициясында халқымыздың тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер сақталған. Қазақ халқының өмір салты, тұрмысы мен болмысы — осы бір ерекше экспонаттар арқылы айшықталып, рухани құндылықтарымызды жұртшылыққа паш етеді.

Этнография залында қазақтың ұлттық болмысына қол тигізуге болады десек, артық айтпаймыз. Мұнда халқымыздың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін бұйымдар — тұрмыстық заттар, зергерлік әшекейлер мен киім үлгілері сақталған. Әсіресе, қазақ халқының дүниетанымы мен рухани құндылықтары бас киімдер арқылы ерекше көрініс табады. Мысалы, жас қыздардың бас киіміне тағылған үкі қауырсындары — қорғаныш белгісі ретінде қаралса, жауынгердің араб жазбасымен айшықталған дулығасы — жауынгерлік рухтың, батырлықтың нышаны ретінде қаралған.

СНХР: ДИЛЬНАЗ ХАЙРБОЛДЫ - ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ 0185, Қазақша ,00:08 – 00:44

СНХР: ДИЛЬНАЗ ХАЙРБОЛДЫ - ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ

 

Мына шынының артындағы тарихи заттар - жергілікті археолог мамандардың еңбегінің нәтижесі. Құнды жәдігерлерді іздеу үшін ауқымды экспедициялар жүргізілді.

СНХР: ВАЛЕНТИНА ГОВРИЛОВА