Облыс орталығында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және олардың қасбеттерін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Петропавлда 596 аула аумағының 254-ін ретке келтіру керек болатын. Өткен жылы кварталдық қағидат бойынша кезең-кезеңімен абаттандыру тетігі әзірленген. Биыл 15 кварталда орналасқан 50 ауланы абаттандыру жоспарланған. Қазіргі таңда 4 кварталда жұмыстар қызу жүргізілуде. Барлық жоспарланған жұмыстарды биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқтау көзделіп отыр. Сонымен қатар, 10 футбол алаңында да жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Онда алаң жабыны жаңартылып, қақпалар, қоршау және басқа да элементтер жөнделіп, ауыстырылып жатыр. Бұдан бөлек, қалада көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары да жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін 10 үйдің қасбеті жаңартылып, ретке келтіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.