Астанада бокстан Әлем кубогы өтіп жатыр. Елордада мұндай ауқымды турнир алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Жарыста 30 елден 300-ге жуық спортшы бақ сынауда. Әлем кубогы рейтингтік болып саналады: бірінші орын үшін 300 ұпай, екінші орынға - 200, үшінші орынға - 150 ұпай беріледі. Ұлттық құраманың қатарында солтүстікқазақстандық боксшы Наталья Богданова да өнер көрсетуде. Ол олимпиадалық 70 келіге дейін салмақ дәрежесінде күш сынасып жатыр. Бірінші жекпе - жекте Наталья Үндістаннан келген қарсыласы Чана Тхокчомды жеңді. Оның келесі жекпе-жегі 3 шілдеде Бразилиядан келген спортшыға қарсы өтеді.
СНХ:ДАСТАН ҚАБДЕНОВ – ЖАТТЫҚТЫРУШЫ