Петропавл қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті экологиялық сенбілік өтті. Іс-шараға бастамашы болған – қалалық «Жастар ресурстық орталығы». Сенбілік Ғабит Мүсіреповтің ескерткіші маңында ұйымдастырылып, тазалық акциясына ондаған ерікті өз үлесін қосты.

Экологиялық іс-шараның басты мақсаты – қаланың тарихи-мәдени нысандарын күтіп ұстау, қоршаған ортаны таза сақтау және жастардың экологиялық мәдениетін арттыру. Еріктілер ескерткіш маңын қоқыстан тазартып, монументті арнайы құралдармен жуды. Бұл – тек тазалық жұмысы ғана емес, ұлт тұлғасына деген құрметтің белгісі.

СНХР:НАРИМАН ТОҚСАНБАЕВ - ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ


Іс-шараға белсене қатысқан жастардың айтуынша, мұндай акциялар тек тазалықты емес, азаматтық жауапкершілікке де тәрбиелейді.

СНХР:КИРИЛЛ ЛОБОК, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ


Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Петропавл қаласында осындай бірнеше сенбілік жоспарланған. Ұйымдастырушылар бұл бастама жалғасын табатынына сенімді.