Ақын Михаил Гвоздев «Мы вместе» атты жаңа кітабын оқырманға ұсынды. Туындының тұсаукесеріне әдебиет сүйер қауым мен шығармашыл адамдар қатысты. Қаламгердің бұған дейін 8 кітабы жарық көрген.

Заманауи, дарынды ақын Михаил Гвоздев әдеби ортада кеңінен танымал. Ол өзінің өлеңдерінде – махаббат, өмір, достық, Отан жайында жырлайды. Ақынның жырлары үміт пен жылуға, терең тебіреніске толы.

СНХР: МИХАИЛ ГВОЗДЕВ, ЖАЗУШЫ


Михаил бірнеше жылдан бері ауыр дертпен күресіп келеді – дәрігерлер оған ұмытшақтық диагнозын қойған. Бірақ соған қарамастан, ол белсенді өмір сүреді, рухы мықты, шығармашылықтан қол үзген емес. Ақынға шабыт сыйлайтын – жары Светлана. Екеуінің жас аралығы алшақ болса да, олардың жүрегі әрдайым бірге.

Жалпы, автордың сегіз кітабы жарық көрген. Арасында прозалық туындылар да бар. Бірақ Михаил Гвоздев көбінесе поэзия жанрына жақын.