Жамбыл ауданының орталығы Преснов селосында орналасқан Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқу жылы аяқталысымен қолға алынған шаруа барысында үш қабатты білім ошағының шатыры мен терезелерін ауыстыру, мектепте кіре берісті кеңейту, іргетас қасбеттерін қаптау секілді бірқатар іс тындырылмақ. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен бөлінген қаражы көлемі 252 миллион теңгеге жуық.
Жамбыл ауданының орталғы Преснов селосында орналасқан Қожаберген жырау атындағы білім ошағы қолданысқа 2007 жылы берілген. 400 орынға шақталған мектепке содан бері сырлап-қырлаудан басқа жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Шатыры ескіргендіктен жауын-шашында үшінші қабаттың төбесінен су сорғалап оқу кабинеттері мен спорт залында өтетін сабақтарға кедергі келтіріпті соңғы жылдары. Оның үстіне тозығы жеткен ағаш терезелерден де қаһарлы қыста жел соғып ішкі температураға кері әсерін тигізген. Осы олқылықтарды жою мақсатында қолға алынған күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен бөлінген қаражы көлемі 251 миллион 882 мың теңгені құрайды.
СНХ:Бауыржан Мұсабаев – мектеп директоры
Мердігер фирма жөндеуді ескірген шатырды жаңасына алмастырудан бастапты. Шатыр жабумен айналысып жатқан бригада күннің қолайлы сәтін пайдаланып негізгі жұмыстарды тәмамдауға бар күштерін салуда. Қалған ұсақ жұмыстар өз кезегінде атқарылады, бастысы ашық тұрған төбеден су өткізіп алмасақ болды дейді.
СНХ:Жандарбек Қарғаев – бригадир
Күрделі жөндеу жұмыстары білім ордасында оқу жылы толық аяқталысымен басталған. Жоспар бойынша ол тамыздың 15-де 100 пайыз тәмамдалуы керек. Мердігер фирма мамандары нысанды межелі уақытта қолданысқа енгіземіз деп отыр.