Қазгидромет республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, жаз маусымының екінші айында орташа айлық температурасы +18 +20 градус болады деп күтіледі.
Синоптиктердің болжамынша, шілденің бірінші онкүндігінде еліміздің көптеген өңірлерінде күн күрт ысиды. Ауа температурасы түнде шамамен 20 градус жылы болса, күндіз 28-33 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райы онкүндіктің соңына қарай біршама салқындап, температура бір-екі градусқа төмендеуі мүмкін.
СНХ:ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РММ СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Шілденің үшінші онкүндігінің басында ауа райы біршама салқындайды. Бұл күндері түнде ауа температурасы 8-13 градус, күндіз 20-25 градус шамасында болады. Алайда онкүндіктің ортасынан бастап күн қайта ысып, ауа температурасы күндіз 30-35 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.
СНХ:ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РММ СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Шілде айында ауа райы жиі өзгеріп отырады. Аптап ыстық күндерде тұрғындарға күннің қызуынан қорғанып, су ішу режимін сақтау ұсынылады.