Жаңа оқу жылы жақындаған сайын өңір мектептерінде дайындық жұмыстары күшейіп келеді. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 100 білім беру мекемесіне жөндеу жүргізу жоспарланған. Бұл мақсатқа 6 жарым миллиард теңге бөлініп, оның негізгі бөлігі ауылдағы мектептерді жаңартуға бағытталды. Қазір құрылыс бригадалары белгіленген мерзімге дейін үлгеру үшін күн-түн демей еңбек етуде. Ал оқушылар мен ұстаздар жаңа оқу жылын жаңартылған, жайлы мектеп қабырғасында бастауды асыға күтуде.
Көп жылдан бері күрделі жөндеуді қажет етіп келген бұл білім ұясы – Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешені. Ғимараттың тозығы жеткен төбесі әсіресе жауын-шашын кезінде үлкен мәселеге айналған. Биыл бұл түйткіл түбегейлі шешілмек. Мектептің шатырын толық ауыстыру үшін 216 миллион теңге қаражат бөлінді. Қазір құрылысшылар жұмысты қызу жүргізіп жатыр.
СНХ:ЛӘЗЗАТ ЖОЛМҰҚАНОВА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Өңірде 35 мектеп пен балабақшаға күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл жұмыстарға 4 жарым миллиард теңге бөлініп отыр. Бұдан бөлек, ондаған білім ұясы ағымдағы жөндеуден өтеді. Мақсат – жаңа оқу жылына дейін барлық нысанды дайындап үлгеру.
СНХ:ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда. Білім саласының мамандары барлық жөндеу жұмыстары тамыздың ортасына дейін тәмамдалады дейді. Ал жаңа оқу жылында облыс орталығында екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі.