Қазақстанның құрметті журналисі Раиса Бикмухаметова телевизия саласына 40 жылдан астам уақытын арнады. Осы кезең ішінде ол түсірілім тобымен бірге мыңдаған шақырым жол жүріп, бейнежазбалар арқылы ел тарихының алтын қорын жасаған. Раиса Бикмухаметованың негізгі мақсаты – көрерменге өзіміздің қарапайым жерлестеріміз, зауыт жұмысшылары мен ғарыш батырлары туралы әңгімелеу, ел тәуелсіздігінің шежіресін көрсету және Отан соғысы ардагерлерінің рухына тағзым ету болды.

Раиса Бекмұхаметова 1971 жылы журналистика факультетін бітіріп, сол жылы телеарнаға жұмысқа орналасқан. Ол балалар мен жастарға арналған хабарлар бөлімінде қызмет атқарды. Оның алғашқы бағдарламаларының бірі – «ЗУМ» болды. Раиса Ғарифқызының «Жерлестер», «Тәуелсіздік шежіресі», «Ұлы жылдарға тағзым» сияқты бағдарламалары көпке танымал әрі еліміздің тарихы мен мәдениетін танытуға арналған.

СНХ:РАИСА БЕКМҰХАМЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ. ТЕЛЕВИЗИЯ АРДАГЕРІ


Раиса Ғарифқызының шығармашылық өмірбаянында студенттік құрылыс жасақтары туралы телехабарлар ерекше орын алады. 70-ші жылдардың басында елдің түкпір-түкпірінен студенттер Солтүстік Қазақстанға келіп, ауылдар мен елді мекендердің инфрақұрылымын салуға атсалысты. Ал 90-шы жылдары журналист «Тәуелсіздік жылнамасы» атты бағдарламалар циклін көрерменге ұсынды. Сол сияқты, шығармашылық жұмыстарының қатарында лайықты орын алатын тағы бір жоба – «Ұлы жылдарға тағзым» атты телехабарлар сериясы.

СНХ:РАИСА БЕКМҰХАМЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ. ТЕЛЕВИЗИЯ АРДАГЕРІ


Раиса Бекмұхаметованың бағдарламаларының кейіпкерлері –қарапайым еңбек адамдары мен ерлік көрсеткен батырлар еді. Бүгінде бұл – біздің телеарнаның ардагерлері таспаға түсіріп, сақтап қалған мәңгі жадымызға сақтарлық тарих.