Қазақстанда биыл ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. бұл ауқымды іс-шара 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта еліміздің әр өңірінде осы санаққа қатысты дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Осы орайда облысымызда аудандық статистика басқармаларының басшылары мен нұсқаушыларға арналған оқыту семинары өтті.
2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына байланысты еліміздің барлық аймағында дайындық жұмыстары басталып кетті. 19-20 маусым күндері облыста аудандық статистика басқармаларының басшылары мен санақ жүргізетін нұсқаушыларға арналған, 50-ге жуық адамның қатысуымен оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинар барысында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу тәртібі, оның негізгі кезеңдері, санақ персоналының міндеттері мен функциялары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
СНХР: ҚУАТ ТӘЖІБАЕВ, СҚО БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ХАЛЫҚ САНАҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қатысушылар «Аудандастыру» автоматтандырылған жүйесінде жұмыс істеуді үйреніп, санақ учаскелерін қалыптастыру бойынша практикалық дағдыларға ие болды. Ауыл шаруашылығы санағы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 1–31 тамыз аралығында онлайн форматта өтеді. Екінші кезең 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында интервьюерлердің тұрғындарды тікелей аралауымен жүзеге асырылады. Бұл санақ ауыл шаруашылығы саласындағы нақты жағдайды бағалауға және болашақ жоспарларды тиімді құруға мүмкіндік береді.
СНХР: ҒАЛИЯ ШӘРІПОВА, УӘЛИХАНОВ АУДАНДЫҚ СТАТИСТИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Айта кету керек, санақ жүргізу үшін жұмыссыз азаматтар мен студенттер қатарынан, сондай-ақ ниет білдіргендерден шамамен 180 интервьюер мен 43 нұсқаушыны жұмысқа тарту жоспарланған. Олар үшін арнайы оқыту өткізіледі. Сонымен қатар 86 мыңға жуық үй шаруашылығы мен 6400 ауыл шаруашылығы өндірушісін қамту көзделіп отыр.