Биыл қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Ол өз шығармаларында қазақ халқының тұрмысын және ұлттық құндылықтарын шебер суреттеп, заман рухын, туған жерге деген сүйіспеншілігін жеткізе білді. Оның шығармашылығы — білімге, мәдениетке және ұлттық мақтанышқа ұмтылыстың символы. Осы атаулы күнге орай Петропавл қаласындағы «Digital Urpaq» оқушылар сарайында «Сәбит Мұқанов: тұлға, дәуір, мұра» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция қатысушылары жазушының қазіргі әдебиет пен қоғамдық өмірге әсерін, сондай-ақ оның мұрасының жас ұрпақ үшін маңызын талқылайды.

СНХРН: ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ – ҚР ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ