Қазақстанда 5 маусым – қоршаған ортаны қорғау мамандарының кәсіби мерекесі яғни – Экологтар күні. Атаулы күнге орай облыс орталығында «Табиғат трендтте» атты экологиялық сайыс ұйымдастырылды. Онда 5 топ өзара бақ сынасты.

Іс-шараның мақсаты – жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қатысушылар эко-білім, креативті тапсырмалар мен табиғатты қорғауға бағытталған тапсырмалар бойынша бақ сынады.

СНХ: ДАМИР ӘБДИН, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Жиынға оқушылар мен студенттер қатысты. Әр топ 5 адамнан тұрады. Олар экология тақырыбында түрлі тапсырмаларды орындап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

СНХ: АРУЖАН ҚАЖЫҒАЛИЕВА, ЕРІКТІ


Сайыскерлердің әр тапсырманы орындау барысындағы ұтқырлықтарын бағалау арнайы құрылған әділқазылар алқысына жүктелді. бағалайды. Жүзден жүйрік-мыңнан тұлпар атанғандарарнайы сыйлықтар мен марапатқа ие болды.