Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тегін курстар өткізіліп жатыр. Әртүрлі мамандықтар бойынша білім беруді «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығы қолға алған. Жоба аясында ерекше жандар кәсіби дағдыларды меңгеріп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алуда.
Жобаның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіби біліммен қамтып, оларды жұмысқа орналастыру. Курсқа жасы мен мүгедектік тобына қарамастан барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Сонымен қатар, аудандардан келген азаматтарға да қолжетімді болу үшін барлық жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда, орталық 100-ден астам адамды оқытып шығарса, олардың 70 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан.
СНХР: АҚЖАН КӘРІМ – «TEN QOGAM» ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Оқыту қазіргі күні қоғамда сұранысқа ие 10 мамандық бойынша өтеді. Солардың бірі – графикалық дизайн. Бұл бағытта 8 жылдан астам тәжірибесі бар маман монтаж, фотошоп, дизайн бағдарламаларымен жұмыс істеу және басқа да қажетті дағдыларды үйретеді.
СНХР: МАДИНА ӘЛТИЕВА – КУРСҚА ҚАТЫСУШЫ
«Ten Qogam» орталығы мүмкіндігі шектеулі жандарға өзіне сенуге, жаңа мамандық меңгеруге және өз бетінше өмір сүруге жол ашуда.