Тимирязев ауданы Жарқын ауылы маңында орналасқан бұрынғы «Бай қала» уақытша шоғырландыру лагері орнына тас қойылды. Бес жыл жұмыс істеген бұл құрылымға өңірдің 71 байы туған-туыс, бала-шағасымен қамауға алынды. Аштық пен аурудан олардың көпшілігіне «Бай қала» мәңгілік мекенге айналды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, «халық жауының» ұрпақтары және ауыл тұрғындары жиналды.

Лагерь 1929–1934 жылдары қазіргі Тимирязев ауданы Жарқын ауылынан шығысқа қарай 3 шақырым жерде орналасты. «Бай қала» деп аталып кеткен концентрациялық лагерьге осы аралықта «халық жауы» атанған байлар, билер мен болыстар отбасыларымен, шамамен 250 адам айдалып, қамалды.

СНХ: ДӘСТЕН БАЙМҰҚАНОВ, ӨЛКЕТАНУШЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ


Адамдардың көпшілігі аштық пен аурудан көз жұмып, лагерьдің маңындағы орға көмілген. Тарихшылардың айтуынша, Қазақстанда ресми түрде 11 гулаг болды, бірақ осындай жөнді жағдай жасалмаған лагерьлердің саны өте көп. Солтүстік Қазақстан облысында ғана 4 лагерь жұмыс істеген.

СНХ: ГҮЛНАР МҰҚАНОВА, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР


Салмағы 9 тонналық тас Есіл бойынан арнайы әкелініп, «Бай қала» орнына қойылды. Іс-шараға қудалауға ұшырағандардың ұрпақтары да келді. Солардың бірі – Серік, Гүлнара Байқуанышевтер.

СНХ: СЕРІК БАЙҚУАНЫШЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Жиын соңында қайтыс болғандарға құран бағышталды.