Петропавлда көктемгі су тасқыны кезеңде халыққа көмек көрсетіп, жан аямай еңбек еткен азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында Ұлттық ұлан академиясы мен Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің 36 қызметкері облыс әкімдігі мен Ішкі істер министрлігінің атынан алғыс хат, медаль және құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың адалдығы мен ерлігі, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы еңбектері кім-кімге болмасын үлгі өнеге.

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезінде жоғары кәсібилік пен жанқиярлық көрсеткен Ұлттық ұлан академиясы мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері марапатталды. Салтанатты жиында өңір басшысы Гаузез Нұрмұхамбетов төтенше жағдай кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін қызметкерлерге алғыс хат пен марапат қағазын табыстады.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Биылғы көктемде ондаған елді мекенді су басу қаупі туындады, жүздеген адам эвакуацияланды. Күрделі кезеңде Ұлттық ұланның сарбаздары мен офицерлері, сондай-ақ полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқарды. Олар су басқан аумақтарда кезекшілік етіп, халықтың мүлкін құтқарды, бөгеттерді бекітіп, табиғи апат салдарын жоюға көмектесті. Үйлесімді әрі жанқиярлықпен атқарылған қызметтің арқасында көптеген адам мен елді мекен аман қалды.

СНХ: ӘБІЛҒАЗЫ ҒАБДУЛЛИН, СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


"Біз батыр емеспіз – тек өз жұмысымызды атқардық", – дейді полиция қызметкері Раиль Галеев. Оның иығында бір ауылдың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету міндеті тұрды. Қарбалас шақты бұл жұмыстар тәулік бойына бір сәтке де тоқтаған емес. Жігіттер солардың бәріне шыдас берген. Бүгінгі марапаттар соның айғағы.

СНХ: РАИЛЬ ГАЛИЕВ, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ


Ішкі істер министрінің, өңір басшысының және СҚО ПД бастығының атынан барлығы 36 қызметкер марапатталды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері де, жас курсанттар да бар.

СНХ: НҰГМАН ТҰРСЫНОВ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ


Табиғи апатпен күресте бұл жандардың атқарған еңбектері ерен.Ауыз біршілік пен табандылықтың арқасында қаншама адамның өмірлері мен баспанасы топан судан аман қалды. Бұл азаматтардың әрқайсысын бүгінгі күннің батырлары деуге болады.