4 -ші маусым– әр Қазақстандық үшін айрықша мәнге ие. Дәл осы күні Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз -тәуелсіз еліміздің басты рәміздері бекітілді. Ұлттық рәміздер – біздің өткеніміздің белгісі, бүгініміздің айнасы, болашағымыздың жарқын бейнесі.
1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде қабылданды. Бұл күн – халқымыздың бірегейлігін, елдігіміздің нышанын айшықтайтын маңызды мерекелердің бірі.
СНХ: КҮЛАЙХАН РАХМЕТ – «ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Еліміздің ұлттық мақтаныштары» атты әдеби-музыкалық кеші өтті. Іс-шараға студенттер мен Ақан сері атындағы облыстық филармония қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының курсанттары қатысты. Кеш барасында сондай-ақ, Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденов секілді ұлы тұлғалар туралы сөз қозғалды.
СНХ: НҰРҒАЙША НҰРЛАН – KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТІ

Ұлттық рәміздер – мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының бейнесі. Оларға деген құрмет – әр азаматтың парызы. Елін сүйген ұрпақ рәмізін де құрметтейді.