Бангкок қаласында өткен Thailand Open-2025 халықаралық бокс турнирінде солтүстікқазақстандық спортшы Наталья Богданова 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.
Финалдық жекпе-жекте жерлес спортшымыз Қытай елінің өкілімен қолғап түйістірген болатын. Тартысты додада Наталья Богданова қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп жарыстың алтын жүлдесін қанжығасына байлады. Ал қытайлық спортшы күміс жүлде иегері атанды. Айта кетейік, осыған дейін Наталья Богданова – 2024 жылғы Азия чемпионы және 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.
СНХ: НАТАЛЬЯ БОГДАНОВА – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ